TikTok-та 8 минут контент қараудың өзі адамға кері әсер етуі мүмкін. Бұл – Чарльз Стюарт университетінің ғалымдары жүргізген зерттеу нәтижесі.
TikTok-тағы кей контенттер психикалық денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін, – деп мәлімдеді зерттеу авторлары.
Чарльз Стюарт университеті (Австралия) зерттеушілерінің айтуынша, TikTok платформасында көп уақыт өткізу, әсіресе анорексияны насихаттайтын контентті қарау, әйелдердің өзін-өзі бағалауына кері әсерін тигізіп, дұрыс тамақтанбау қаупін арттырады.
"Зерттеуімізде анорексияны насихаттайтын TikTok контентіне 10 минуттан аз уақыт аралығында шолу жасау дене бітіміне қатысты күйге және сыртқы келбет идеалдарын қабылдауға бірден теріс әсер ететінін көрсетті," – деп мәлімдеді зерттеушілер сәрсенбі күні PLOS ONE журналында жарияланған нәтижелері туралы.
Қолданушыларының саны миллиардтан асатын бұл платформа бүкіл әлем бойынша белсенді қолданушыларға ие.
Зерттеуге Австралия университетінің бірінші курс студенттері, жалпы саны 273 адам қатысқан