Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Тікұшақтар Павлодар мен Қарағанды шекарасындағы өрт ошақтарына 22 тонна су төкті

79

Павлодар мен Қарағанды облыстарының шекара аумағындағы табиғи өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Екпінді жел, таулы жерлер және өрт ошақтарына кірме жолдардың болмауы өртті сөндіру жұмыстарын қиындатып отыр. 

 ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қазіргі уақытта Қарағанды және Павлодар облыстары, Астана қаласы ТЖД күштері мен жергілікті атқарушы органдарынан, ТЖМ 52859 әскери бөлімінен, «Баянауыл» МҰТП-дан жалпы саны 609 адам және 110 бірлік техника, «Қазавиақұтқару» АҚ мен ҚР Қорғаныс министрлігінен 4 әуе кемесі өртті жою жұмыстарына жұмылдырылды.

Тікұшақтар Павлодар мен Қарағанды шекарасындағы өрт ошақтарына 22 тонна су төкті
Фото: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі

«Қарағанды облысының Теректі ауылында және Павлодар облысының Желтау қыстағында өрт орны далалық өрт сөндіру штабтары орналастырылды. Өртті сөндіру жұмыстары жерүсті және әуе көліктерімен жүргізіліп жатыр. Жалпы 12 жауынгерлік учаске анықталды. Облыстық ТЖД және ТЖМ Командалық орталығында жедел штабтар жұмыс істеп жатыр. Әуе кемелері өрт ошақтарына 15 рет барып, жалпы көлемі 22 тонна су төкті», — деп мәлімдеді министрліктен.

Министрлік бұған қоса, ақпараттық-психологиялық қолдау көрсету үшін Қарағанды облысының ТЖД 8 721 2 51 72 23, Павлодар облысының ТЖД 8 718 2 20 11 12 жедел желі телефондары жұмыс істейтінін еске салды.

Тікұшақтар Павлодар мен Қарағанды шекарасындағы өрт ошақтарына 22 тонна су төкті
Фото: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі

Еске сала кетейік, 6 қазан күні Баянауылда жер өртеніп, бір ауылдың тұрғындары қауіпсіз аумаққа көшірілді.

Өрт шалған жерге жақын орналасқан Жұмат Шанин ауылына қауіп төніп тұрған жоқ 

Ал бүгін түске таман Павлодар облысының әкімі Баянауылдағы өрттің оқшауланғанын хабарлады.