Саясаттанушы Талғат Қалиев Турловтың медиа империя құрып, жан-жақты күшейіп жатқанына алаңдаулы.
"Олигарх Турловтың БАҚ-ты жеке мүддесін алға тарту үшін пайдаланбасына кім кепіл?", - деп сұрайды, Қалиев. Оған Ұлттық шахмат федерациясының ресурстарын өз компаниясының жарнамасына үшін пайдалануға, оның логотипін тікелей медаль ішіне салуға ештеңе кедергі болған жоқ.
Турловтың авантюраға жақын екенін алдында жазған болатынбыз. Биылғы жылдың басында ол Freedom Holding Corp. (банк, брокерлік, инвестициялық және сақтандыру бизнесі) мүддесі жолында монетарлы билікке қарсы риторикасын қатаңдатты.
Турлов пен Ұлттық банк арасындағы пікірталаста, бас банкир Сүлейменов Freedom қаржылық моделі базалық мөлшерлеме, TONIA және банкаралық мөлшерлеме деңгейіне өте сезімтал екенін айтқан еді. Расында да, Freedom тәуекелі жоғары, авантюралық қаржылық модельмен жұмыс істейді. Біраз елдерде бұл модель заңсыз болып табылады. Бір сөзбен айтқанда Freedom құнды қағаздарды айналдырып қайта кепілдікке салып, сол арқылы қаржылық есептілікте өз активтерін үрлеп, яғни үлкейтіп көрсетеді. Сол кезде спекуляциялық жолмен облигацияларды қайта айналдыра беруге гандикап алады. Тек ол үшін TONIA ставкасының төмен болғаны және ҚНРДА-ның осы манипуляцияларға көз жұмып қарағаны аса маңызды.
Турловтың дауысы қаттырақ шығып жүрген, телеграм канал, іскери сайт сынды ақпараттық ресурстары бар біраз экономикалық сарапшыны қаржыландырып жүргені жасырын емес. Олардың барлығы бір блок болып, базалық ставканы белсенді түсіру бойынша Ұлттық Банкке ақпараттық кысым көрсетіп келеді.
Су жаңа олигарх қызыл сызықтан асып кетсе, мемлекеттің Freedom экосистемасын тез арада орнына қоятын құралы бар. ҚНРДА қаржылық ұйымдардың пруденциалды нормативтеріне құнды қағаздардың қайта кепілдікке салынуына шектеу қояса, сол күннен бастап Freedom-ның қаржылық моделінде проблемалар басталуы мүмкін.