Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Тимур Турлов Қазақстанға ресейлік кадрларды "тасып" жатыр ма?..

42



Қаржыгер Тимур Турлов Ресеймен ат құйрығын кесісуге асығар емес.

Қазақстан шахмат федерациясының кадрлық саясатына назар аударған сарапшы келесідей пікір білдірген екен:

“Қазақстан азаматтығын алған федерация президенті Тимур Турлов өзінің тарихи отанымен байланысын үзуге асықпайды.

Федерацияның жай-күйі туралы ақпарат бөліскен дереккөздердің мәліметінше, барлық кадрлық мәселені - Әлина Дворецкая дейтін Турловтың аға кеңесшісі шешеді.

Әлина - Ресей азаматы, алайда федерация штатында ресми тіркелмеген...”.

Қалиев осы тұста федерацияның баспасөз қызметкері - тағы бір Ресей азаматы Дәрия Буркованы да тілге тиек еткен. Буркова федерацияда бірталай уақыттан бері қашықтан жұмыс істейді.

Сарапшының айтуынша, аутсорсингке берілген бос орындарды кілең шетелдік азаматтар толтыруда.

 

“Осы деректерге сүйенсек, шахмат федерациясының президенті Қазақстанда жұмысқа тыңғылықты қарайтын кадрлар тапшы деп болжайды-мыс, соған байланысты Ресейдің тұрғындарын жұмысқа тартуды жөн санаса керек.

Осы жайтты негізге алсақ, Турлов федерацияны басқаруға лайық па, әлде оның орнына ұлтжанды азаматты іздестірген дұрыс па?

Шахмат федерациясының ресурстарын жеке компаниясының PR-ы үшін пайдаланып қана қоймай, ұйымның штатын шетелдік кадрлармен толтыру ақылға сия ма?

Туризм және спорт министрлігіне федерациясының қызметін толық тексеретін уақыт келген жоқ па?”, - деп түйіндепті Қалиев.

Оның айтуынша, Freedom Finance пен Шахмат федерациясында “ресейліктердің басқаруына наразы қызметкерлер жеткілікті”.