Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Токио губернаторының сайлауында Юрико Коикэ үшінші мәрте жеңіске жетті

70


 

Жексенбі күні өткен сайлауда Коикэ ханым сайлаушылардың 2,9 миллион немесе  42,8% дауыс алып сайлауға қатысқан 52 үміткерден озып  жеңіске жетті.

71 жастағы Коикэ 2016 жылы Токионың алғашқы  губернаторы болып сайланған еді. 2020 жылы екінші мәрте жеңіске жетті. Консервативті губернатор Токионы ең қины кезеңдерде басқарды. Әлемді шарпыған COVID-19 бен 2021 жылғы Олимпиада ойындары кезеңінде өзінің басқарушылық әрі іскерлік шеберлігін көрсетті. Өзінің жеңісін жариялай отырып Коикэ ханым цифрлық трансоформациялау жұмысын жалғастыратынын мәлімдеді. Коикэ ханым  жапон саясатындағы ең беделді саясаткерлердің қатарына еніп отыр.

Еңбек жолын журналистика саласынан бастап кейіннен саяси сахнаға шыққан Коикэның танымалдылығы 2016 жылы Токионың губернаторы болып сайланғаннан басталды. Жапония залқының 11%халқы тұратын Токионың ел экономикасының 20%құрап отыр.