Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Трамп Цукербергті өмір бойына бас бостандығынан айырамын деп қорқытты

10


 

АҚШ президенттігіне үміткер Трамп Meta негізін қалаушы Цукербергті 2024 жылғы президенттік сайлауға араласатын болса, өмір бойына бас бостандығынан айырамын деп қорқытты.


Бұл туралы Трамптың «Американы құтқару» атты алдағы кітабына сілтеме жасап Politico газеті хабарлады. Кітапта бұрынғы президент сонымен қатар Цукербергті 2020 жылғы сайлауда өзіне қарсы жоспар құрды деп айыптады.

 

Meta негізін қалаушы Цукерберг бұған дейін ол және оның компаниясы алдағы президенттік сайлауда ешкімді қолдамайтынын айтқан.