Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Трамп Гренландия халқына үндеу жасап, оларды "өз тағдырын өзі шешуге" шақырды

67


Трамп Конгрессте сөйлеген сөзінде «Бүгін кешке менде Гренландия халқына арналған арнайы жолдау бар.Біз сіздердің өз болашақтарыңызды өздеріңіз анықтау құқығыңызды толық қолдаймыз және егер қаласаңыздар, сіздерді Америка Құрама Штаттарында қарсы алуға дайынбыз.

Гренландия ұлттық және тіпті халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бізге қажет. Менің ойымша, біз оны қандай да бір жолмен аламыз.

Біз Гренландияны аламыз, сіздерді қауіпсіздікте ұстаймыз, байытамыз және бірге осы елді бұрын-соңды елестете алмаған деңгейге жеткіземіз.» деді. Путиннен көргенін істеп іргелес жатқан кішкентай елдерге ауыз сала бастаған Трамптың әрекетәі Еуропа елдері тарапынан қарсылыққа ұшырауда. Дегенмен агрессивті жолмен емес, мәдениетті түрде бұл аралдағы мемлекеттің тағдырын халқы өздері шешсін дегені жөн болған.