Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Трампқа жаңа айыптаулар тағылды

65


АҚШ прокурорлары бұрынғы президент Дональд Трампқа Джо Байденнен жеңілгеннен кейін 2020 жылғы сайлауға араласуға тырысты деген айып тағылды.

Өткен айда АҚШ Жоғарғы соты  президенттер қызметте болған кезде жасаған ресми әрекеттері үшін қудалаудан  иммунитетке ие екендігі заңда көрсетілген.

 Қайта қаралған айыптау қорытындысы Трампқа қарсы төрт бірдей тармақтан тұрады. Бірақ қазір президент емес, саяси кандидат мәртебесіне ие болғандықтан қылмыстық істер қозғауға болады.

Трамп сайлауға араласу туралы айыптауларды жоққа шығарды.  2020 жылғы сайлауда алаяқтық болғанын мойындады.

Арнайы прокурор  Джек Смит ұсынған жаңа айыптау қорытындысы Трампқа  Америка Құрама Штаттарын алдау үшін сөз байласу, ресми процеске кедергі жасау әрекеті және алаяқтық баптарынан тұрады.

Трамп тағылған айыптарды мойындаған жоқ.