Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Түркияда 2000$ жалақыға қойшылар таппай отыр

74



Элязыге провонциясының кәсіпкерлері журналистке шағымданды. Ай сайын 70 000 түрік лирасы (2000$) жатар үйі, тамағы мен киімін береміз десек те, қой бағып беретін адам таппай отырмыз деп шағымданды. Қазіргі таңда  70 000 лир өте жоғары жалақы саналады. Мысалға, қорғаушының орташа жалақысы  15 000 тен 56 000 лир ( 500 ден1500$), мұғалімдердікі -  13 000 тен15 000 лир (400 ден 900$).

Біздің елімізде мұндай жалақы төлесе ешкім ауылын тастап, ала сөмке көтеріп қалаға баз кешіп, базар аралап жүрмес еді. Жақында ауылшаруашылықты құрту министрлігі елімізде 1404 ауылдың ресми түрде жабылғанын қуана хабарлаған еді. Сол 1404 ауылда қаншама халық тұрды. Мемлекеттің азық-түлік бағдарламасына қосар үлесі зор еді ғой. Ұлаңғайыр даланың халқын 20 қалаға жинап алып, бос жатқан жерлерді олигархтарға үлестіріп тастап, Дубайға қашып кететін шенеуніктердің ойы белгілі. Технологияны дамытамыз, ауылды дамытамыз деп мемлекеттен миллиардтарды кім қайда жұмсап жатыр? Осыншама қаражат бөлініп жатса ауылдар неге бірінен-соң бірі жабылып жатыр? Моноқалаларды дамытамыз дегелі де біраз жылдың жүзі болды. Дамып кеткен моноқала жоқ. Ақшалары қайда кетті? Ауылшаруашылығы саласы мемлекеттің болашақ күнкөрісі. Ауыл мемлекеттің тірегі. Осы сөздерді ауылда өсіп, арықтан су ішпеген, қаланың жылы жұмсақ пен ата-анасының әлпеуштеуінде өсіп, қолын күрек ұстамаған «министрлер» қайдан түсінсін.