Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

ҰБТ-да ең жоғары балл жинаған талапкер кім?

21
ҰБТ басталғалы бері талапкерлердің 77 пайызы шекті балл жинаған. Орташа балл 69 балл болды. «ҰБТ-ның алтыншы аптасында Алматы облысының түлегі ең жоғары 140 балл жинады. Кеше, 27 маусымда Алматы облысының Есік қаласында талапкер ҰБТ-ны математика-информатика комбинациясы бойынша тапсырды. 5 адам 138 балл жинады. ҰБТ қорытындысы бойынша соңғы рет 2021 жылы Павлодар облысынан, 2018 жылы Алматы қаласынан келген талапкер 140 балл жинағанын еске саламыз», делінген хабарламада. Ең жоғары балл жинаған – Алматы облысы Талғар ауданы Қарабұлақ ауылының №22 орта мектебінің түлегі Жаннұр Еңсебек.