ҰҚК терроризмді насихаттады деген күдікке ілінген 4 азаматты ұстады
«Алдын ала белгілі болған деректерге сәйкес, фигуранттардың бірі ұзақ уақыт бойы шетелде тұрған, радикалды діни идеологияға сол жерде әуестенген болуы ықтимал», — делінген хабарламада.
Тінту барысында діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер алынды. Қылмыстық кодекстің 256-бабының 1 және 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.