Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Утильалым туралы петицияны кімдер қарайтыны белгілі болды

34
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі утильалымы мәселелері бойынша петицияны қарау жөніндегі жұмыс тобының құрамын бекітті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі ҚР ӘРПК-нің 90-5-бабы 2-тармағына сәйкес утильалымы бойынша петицияны қарайтын жұмыс тобының құрамын бекітті. "Жұмыс тобының құрамына ҚР Парламенті депутаттары, ҚР өнеркәсіп және құрылыс, экология және табиғи ресурстар, қаржы, ауыл шаруашылығы, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, мәдениет және ақпарат вице-министрлері, сыртқы істер министрінің орынбасары, басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері кірді. Сонымен қатар, топ құрамына петицияның бастамашысы, сондай-ақ бірқатар қоғамдық бірлестіктердің, сарапшылық қоғамдастықтың және өнеркәсіп секторының өкілдері де қосылды", - делінген хабарламада. Жұмыс тобының қызметі туралы толығырақ министрліктің баспасөз қызметі кейінірек хабарлауға уәде берді.