Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Венгрия премьер-министрі Орбан Вашингтонға барды

40

Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан бүгін Вашингтондағы НАТО саммитінен кейін АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамппен кездесуге оның Флорида штатындағы жеке резиденциясына бармақ

Бұл туралы дереккөздеріне сүйенген Bloomberg агенттігі хабарлады. Ақпаратқа қарағанда, кездесуде талқылайтын бас тақырыптардың бірі – Украинадағы соғыс.

Bloomberg Венгрия премьер-министрінің бұл сапары Орбанның Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин арасында делдал рөлін алды деген күдікті күшейтуі мүмкін деп жазды.

🔸

 Шілденің басында Орбан Киевке, Мәскеуге және Пекинге барып, Украина, Ресей және Қытай басшыларымен соғысты тоқтату жайын талқылаған.

Орбан сапарларын "бейбітшілік миссиясы" деп атайды.

🔸

 Венгрия 1 шілдеде алты айға Еуропа одағына төрағалық етуді бастаған. ЕО да, НАТО да Орбанның сапарлары оның жеке бастамасы екенін айтқан. Олар Венгрия премьер-министрі ұйым емес, Будапештің ғана атынан барады деді.