Маңғыстау облысындағы «Кезби» мұнайсервис компаниясының жұмысшылары бір тәуліктен бері жұмысқа шығудан бас тартып отыр.
Біздің дереккөздеріміздің мәліметінше, Жаңаөзендегі қызметкерлер ереуілге шығып, бүкіл кәсіпорынның жұмысын «тоқтатуға» әкелді.
Біз компанияның басшысы Ержан Кезбаевпен байланысқа шықтық. Қазіргі уақытта басшылық жұмысшылармен келіссөздер жүргізуде.
«96 адам жаңа компания құруды талап етіп, ауысымға шықпай отыр. Белсенділер жаңадан құрылған компанияның басшылары болғысы келеді, ал қазіргі уақытта олар механик, машинист ретінде жұмыс істеп жүр. Айта кетейін, "Кезби" жұмысын тоқтатқан жоқ. Біз қазір адамдармен келіссөз жүргізіп, оларды татуластыру кеңесіне шақырдық», — деді Кезбаев.
Кезбаевтың айтуынша, ереуілге шыққан қызметкерлердің орташа айлығы 800 000 теңге, төлемдер уақтылы және барлық аударымдармен жүзеге асырылады. «Кезби»-де 1200 адам жұмыс істейді, олардың жүзге жуығы ереуілге қатысуда.
Редакция Маңғыстау облысының әкімдігіне де пікір сұрап жүгінген болатын, алайда олар «кәсіпорын жеке қолда» екенін айтып, жауап беруден бас тартты.
«Кезби» — ел тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы жеке компаниялардың бірі болып табылатын мұнайсервис компаниясы.