Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Жеңіс Оспанов. Ерейменнің "Слеті" ауылында жер "дауы" ушығып тұр!...

250


  «ЕСТИТІН ҮКІМЕТ» құрылды дегенде  халық отыз жылғы мәселеден арылып  еңсесі бір көтеріліп қалғандай болған-ды. Бірақ аттан бұрын арбаны алға тартатын, өзінің қара күшіне, өгіз түсінігіне сенетін әкім қаралар Президент сөзін жүрдім тыңдап, қараша халыққа  ойларына келгенді істеп жатыр.  Мұндайда  сайлауалды бағдарламасымен елдің алдына шығып бұлбұлдай сайрайтын, керек десеңіз  «билеп те, сөйлеп те» беретін халықтың қаламаған һәм қалаған депуттаттарын таба алмайсыз!..

  Олар  мәселесі бар ауылдардан ат тондарын «ала қашып» аулақ жүреді. Өйткені,  қайығы судан өткен ай сайын бәленбай мың теңге жалақы алатын    депутаттар елдің мәселесін қайтсын!?


Оның үстіне  жергілікті әкімдердің төбесінен «күн түсірмей» отырған кіші құдайлары һәм перғауындары болған соң ағаш атқа теріс мінген әкімдер халықты «бесінші түлік» көріп бойларын аулақ салады.

     Демократиялық тұрғыдан билік бұқарамен санаспайтын болды.  Өткенде Асылбек Байжұма мырза өзінің Фейсбук парақшасында Ерейментау ауданының дүрдей әкімі, бұрын Степнагор ауданының әкімінің орынбасары болған  әкімі жайлы, бұның ішінде 200 мың гектар жерді ресейліктерге беру туралы  айтып жазғанды. Біздің билік. Біздің Сенат. Біздің Парламент. Тіпті  жоғары үкіметтің өзі мұндай жазғандарды аса  назарға ала қоймайды.

  Қойдай семірген әкімдер «бұйрықтың басты фигуранты» айтты бітті. Жарлық қатты. Жан тәттімен бұқараның мәселесін екінші орынға ысырып қойып «бұйрықтың  шеңберінде» шыр айналады. Иә,  бүгін бізге жеткен мәліметтерге қарағанда Сіленті ауылына кеше Степаногордың әкімінің «замәкімі» Бестөбе ауылының әкімі және «белсенділер» дейді қайдан келгендіктері белгісіз  Сіленті ауылына келіп ресейліктерге 200 мың гектар жерді жалға беруі үшін арнайы  қоғамдық тыңдау өткізбекші болыпты. Бірақ ауыл тұрғындары қоғамдық тыңдауға дұрыс қатыспай жергілікті қауымдастық өкілдері  бірден бас тартыпты. Бұл ауыл бұрын Ерейментау ауданының шекарасында екен, бертін Степнагорға қараса керек-ті. Ақмола облысының мәслихат депутатының қырық мың гектар осы ауылда жері бар екен, шаруашылық жұмыс істеп тұр.

            Ал енді қалған 200 мың гектар жерді ресейліктерге берсе жергілікті тұрғындар ауаға маса боп ұшып, айға қонақтай ма?-дейді жергілікті белсенді азаматтар хабарласып. Бүгінгі күні аталмыш ауылда -200 түтін, жеті жүздей тұрғын бар. 

  Шағын шаруашылықтар да жеткілікті екен.  Қысқасы  Ерейментау ауданының дүрдей әкімі, пілдей басшысы аталмыш ауылдың әкімдеріне бұйрық беріпті-міс «балтай-шалтайды білмеймін, жергілікті қауымдастықты көндіріп, ресейліктерге жерді беру керек!» деп. Демек төбесінен бұйрық қатты боп тұр-ау!

 Ал біз бұл мәселені  өзіміздің парақшамызға және сайттарымызға салып жатырмыз. Қазірдің өзінде  «әкімнің ақ тоқашынан» дәм татқандар шығар, біздің жекемізге орыс тілінде қоқан-лоқы жасап  жазып жатыр «Біздің ауданның ішкі мәселесіне араласпаңыздар!» деп. Жарай-ды. Бірақ бұл қазақтың жері ғой. Сонда малымен жан бағып отырған бұқара қайда кетпек!? Бұл сұраққа олардың басы ауырмай отыр. Әйтеуір Ерейментау мен Степнагордың әкімдерінің ішінде не бар екендігін әзірге ешкім білмейді.

   P.S Айтпақшы өткенде  Ақмола облысына қарасты бір ауданда аудан әкімінің аппаратын ұрып тастаған «замәкім» Степнагорды басқарып отырған әкімінің балдай тәтті балдызы екен. Барлық БАҚ құралдары шулап «ақылды жұдырыққа жеңдіретін» замәкімді қанша жазғанымен ештеңе өзгермеді. Қайта жездесінің қасына «замәкім» боп барғандығын естідік. Сөй-тіп  біздегі жағдай осындай «Әділетті Қазақстан» атынан ауып кеткен сияқты ма қалай өзі!? 

Ақ-қарасын қадірлі оқырман Сіз айтыңызшы! Әкімдердікі дұрыс па, бұрыс па?............................................................................................

  Бурабайдың Жеңісі