Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

ЖЕҢІС ОСПАНОВ. Қара қытай қаптаса...

131



Заманасы түрленіп, жақсысы кірленіп, ызасы у жерлік болып барамыз-ау! Ханның басын хан алар дейтін заман баяғыда қалды. Жендеті де, жезі де, мықтысы да әдірәм қазір!.. Шығыстан қаптап қытай кіріп жатыр дейді. Халық айтып шулап жатыр. Қаптаған видеолар. Арқасында жолқапшығы бар қытайлар қазақтың еліне емініп кіруде. Кірсін деп отырмыз. Кіре берсін. Бұл қазақтың даласы кімге пана болмаған!?  Кезінде ауып келген қарашекпенділерге де пана болған еді ғой, бүгінде олардың ұрпағы «біздің аталарымыз қала салды...»,-деп әлек салып, жыртық шелегін ұмытып дүр болып отыр. 


Біз отырмыз. Қолда билік жоқ. Құран ұстап жаназамызды қашан шығарамыз деп?!


     Асықпа қазақ! Арсыздықтың кенжесі ұйқы. Ұйықта қазақ. Осы жолғы тәуелсіздігіне шындап қауіп төніп келе жатыр. Шығыстан шегірткедей қаптаған қара қытайдың мақсаты не, есіктен кіріп алсын, төріне көт басып отырсын!


 Бір жыл емес... бір ғасырдан соң, біздің ұрпағымыз, қазіргі билік басындағыларды, бізді жақсылап тұрып зарлап қарғайды. Бірақ, ондай зарлайтын ұрпақ бола қойса!? Өйткені, бүгінгі ұрпаққа түскі асы, кешкі серуені болса болды.


           Қазіргі менің замандастарымның оңай олжасы «оллә-біллә» болды. Малы қорада, құлағы далада, ойы Аллада. Аллаға сен. Мінәжат қыл. Құбылаға бет бұр. Бірақ, қазақтығын қайда қалды?.. Қай иттің баласы, сенің қазақы ғұрып, санаңды  бұзып, «арапшыл бол» деп отырғаның білмедім. Арапшыл болсаң, сенің жеті атадан әрі, жетпіс жеті бабаңыздан келе жатқан тектілік, дегдарлық, белтемірдей  төзімділікті құртуға бел шешіп, білек сыбанып кірісті екен?.. Сақалы шошайған шал ма, жас па айыра алмай қалдық. 


 Ақыл деген нұрынан айырылған қазақтың баласы дін деп жүр. Дін жолында жүріп қарекет қылсам дейді. Өлік. Мәйіт. Жаназа. Отыз күн ораза.  Уағыз. Анау харам, мынау харам.


                   Төбесіне қарайды. Құдай береді дейді-міс. Бірақ, құдай бұлардың қылығын жақтырмаса қалай береді?  Қазіргі  данышпан мықтылардың барлығы Мәшһүр Жүсіптен әулие емес шығар.  Бір демі әрі, бір демі бері болып, айтатыны бір тұжырым «өлесің ертең...» деп ережесін бекітіп береді. Өлуді емес-Отанды қалай қорғап қаламыз деуі керек қой.  Отанды қара қытайдан, ормандыдан қорғасақ, қазақтің тілі жайлы, ділі жайлы, ұлылары жайлы айтып насихаттасақ,  сахабаның өмірін қазіргі жастар ізденіп қызықтаса өздері қарайды да, зерттейді. Ол соншалықты қиын шаруа, қиямет жұмыс емес.


         Тым құрмаса өлмей тұрып, ойланайықшы. Алланың өлімі келер. Иман айтар біреу шығар! Жап-жас өрімдей бозбала «ертең өлсең, иман айтатын солар...»,-дейді ғой.  Имансыз қазақ болмаған. Мысалы мен жұма күні жеті нан жайғызып, ...31 жылы, 37 жылы дүниеден өткен марқұмдардың рух шәріптеріне аят оқимын. Есіме аламын.  Егіліп ішімнен күңіренемін.


               Жандары жаннаттық шығар. Алланың аманатын Алла алады дегенді естен шығармай тұрып. Алдымен бес күндік тіршілікте мына ұлан-ғайыр даланы қалай сақтап қаламыз, соған назар аударайықшы. Менде пәленбай группа чат бар, фейсбукке кірсем айтыс-тартыс, маңыраған әнші, мөңіреген қатын, күйеуін жамандаған, айтысқан аға буын, бір-біріне сөз қайтарған бетпақ келін мен байғұс ене, экран анау бөксесі бұлтиған біреуді есектей ақыртып тамашалатып, халықты улап отырған. «Астарлы ақиқат», «Көреміз», «Ащы шындық», «Кел қосылайық» ылғи бір қырт-сырт, мына билік басындағылардың оған қаратайтын уақыты жоқ па, әйтеуір  парықсыздық деңгейі жоғарлап, адамдық төмендеп, қазақ құрып барады. Не істейміз?..  


                   Жарық дүниенің алды ыстық, арты суық. Нені сүйдім, неден күйдім деп, мал табамын, жан бағамын деген қазақ! Біреулер айқайлап қояды «ойбай қара қытай қаптады, сарысы бүйдеді»,-деп. Дейді олар. Қара қытай қаптаса қалтасыңда ақшасы бар. Сарысы аузымен орақ орса, ар жағында қарулы елі бар. Мықшыңдап жүрген қазақ. Отыз жылдан бері көріп, естіп  келе жатқанымыз Мың бір түннің хиқаясы. Пәленшенің пәлен тоқалы бар, бес минуттық төсек ләззәті жетпіс мың доллар, түгеншенің тоқсан нақсүйері бар екен. Тфу атаңа нәлет!..


           Қазақтың   әншісінің сиқы Қ. Нұртас. Г. Оразымбетова, әртісіңіз  Ж. Айжанова «ішінесиейін!..» деп жүрген, Б. Есентаева. Осыны көріп мәзбіз. Жағамыз жайлау. Ойбай-ау, дейтін кіміміз қалды? Қара қытай қаптаса мақсаты пайда, біздікі сияқты қыртып отырған құр кеуде емес!


            Бір пәледен, мың пәле. Экранға қарайын десем дым жоқ. Бейпілауыздар, сасықауыздар, мылжыңдар, қара басын ойлаған надандар. Айтыс-тартыс... Осыны ойлағанда шынымды айтсам, пенденің ісі Аллаға  аян дедім де қойдым. Ердің соңы Исатай, ханның соңы Кенесары. Түсім болсыншы деймін. 


Бірақ, Абылай бабамның Бұқар жырауға  жорытқан түсі тура келмесе жарайды қазекем-ай!  Қайыр кетті қазаннан, қуат кетті азаннан деп ертеңгі ұрпақ гөй-гөйлесе қасіреттің көкесі сол болар!? Бұған  супер  жаңа сайланған едіге мінезді депутаттар не дейді екен?..


   Үйімізді жыртық болған соң, тамшы жеп, жуас болған соң қамшы жеп, бүкірдің күйімен, мылқаудың үнімен жүре береміз бе?..

   

                                                                      #Бурабайдың Жеңісі