Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Журналист болу-арманым

52
Әр адамның өміріндегі ең маңызды әрі жауапты сәттердің бірі – мамандық таңдау. Себебі, бұл шешім сенің өміріңді өзгертіп қана қоймай, болашағың, ертеңгі күнің болады. «Мамандықтың бәрі жақсы, қалауыңша таңдап ал» дегендей, қазір сан мамандық иесін таңдаудың жолында тұрмыз Осы жолда дұрыс шешім қабылдап, адам бойындағы өмірлік құндылықтары, кəсіби бағыттылығы анықталады. Менің ойымша, әрбір адам өз арманына,түйсігіне сеніп, жүрек қалауымен болашақ мамандығын таңдауы керек. Менің таңдаған мамандығым, арманым - журналист болу. Қарапайым журналист емес, жаһандық аренада танымал журналист болу. Журналистика – қиындығы мен қызығы қатар жүретін, көп ізденісті талап ететін сала. Журналист болу тек қана баспасөзде жылт еткен жаңалықтарды жазумен ғана шектеліп қоймайды. Журналист болу дүбірлі дүниенің әр шалғайында болып жатқан жағымды, жағымсыз ақпараттар, оқиғалар, өз еліміздің әр өңіріндегі елең еткізерлік хабарлар, тарихи танымдық шығармалар, әлеуметтік-саяси ой-толғаулар, жол сапарлар, мәдениет пен өркениет жауһарлары болып жалғасып кете береді. Бала күннен өнер адамы болуды, соның ішінде журналист болуды армандаушы едім. «Арман – адамға қанат» демекші, мектептің соңғы жылдарында журналистика мамандығын толықтай зерттеуге кірісіп, алдыма мақсат қойдым. Осылайша бұл мамандыққа деген қызығушылығым одан сайын арта түсті. Санамда бұғып жатқан елеусіз арманым оянып, қолыма қалам ұстаймын деп шештім. Әр адам кез-келген нәрсені өзі істеп көрмейінше үйрене алмайды. “Көз - қорқақ, қол – батыр” деген нақылдың мағынасы да сол қисынды түсіндіреді. Ал журналист тыңдарманды, оқырманды өз сөзіне сендіруі үшін әуелі өзіне-өзі сенімді болуы керек. Оның сенетіні – өзінің бойындағы қабілеті, құндылықтары. Болашақ әр журналистің өз кумирі, шығармашылығы ұнайтын журналисті бар деп ойлаймын. Менің кумирім, үлгі алатын журналисім Нартай Аралбайұлы. Нартай Аралбайұлы - КТК телеарнасының тілшісі, Қазақстан ұлттық телеарнасы “Мәселе” бағдарламасының авторы, жүргізушісі. Тілі мірдің оғындай, сөзі өткір жірналисті барша жас тілші үлгі тұтатын, құрметтейтін дара журналисттердің бірі. ”Мәселе” бағдарламасының қай бөлімін көрсеңіз де, қызыға тамашалайсыз. Өйткені бағдарламада қандай мәселені көтеруіне қарай есте қалатын әрекеттер жасайды. Өз мамандығын сондай жақсы көріп, беріліп жасайтынын аңғаруға болады. Сондай-ақ ҚР Президенті Қ.Тоқаев 2024 жылы 19 маусымда елдегі медиа саласын реттейтін негізгі құжат –“Масс-медиа туралы” заңға қол қойды. Қазіргі «БАҚ туралы» және «Телерадио хабарларын тарату туралы» заңдардың күшін жойып, орнын басады. Ал бұл журналисттерге көптеген үлкен мүмкіндіктер ашады. ”Масс-медиа туралы” заңда жаңа терминдер мен ұғымдар бар. Мәселен: журналистің құқықтары мен бостандықтарын қорғауды, ақпаратты іздеу, сұрату, алу және тарату кезінде кеңейтілген құқықтарды, сондай-ақ осы Заңда белгіленген өзге де ерекше құқықтарды көздейтін журналист мәртебесі. Қорытындылай келе, менің арманым – менің болашағым. Болашақта өз ісімнің шебері болып, өз саламның шыңына табан тіреп тұратын күнге де жетемін деген үміттемін. Сондықтан арманымды алдыма үміт етіп, жүрек қалауымды жасадым. Мен журналист болғым келеді! Балжан Әжібек, Астана қаласы №70 мектеп-лицейінің түлегі