Жаңа ереже Zan.gov.kz сайтында жарияланды.
Жаңа ережеде журналистердің аккредитациясын тоқтата тұру немесе қайтарып алу туралы бірнеше пункт бар.
Медиасарапшы Бэлла Орынбетова бұл ереже билікке тиімді екенін жазды.
Жаңа ереже бойынша журналистер материалды өтінім берілген медиада ғана жариялауы керек. Бұл бірнеше жұмыс істейтін тәуелсіз журналистерге кедергі келтіреді.
Естеріңізге сала кетейік, үкіметте журналистерді министрлер отырыс өткізетін қабатқа кіргізбейтін болды.
«Шекарасыз тілшілер» халықаралық ұйымының 2023 жылғы сөз бостандығы рейтиңінде Қазақстан 180 елдің ішінде 134-орында тұр.